/ҚАЙТАЛАУ/ 2019 ЖЫЛДЫҢ 28 ҚАҢТАРЫНАН 31 ҚАҢТАРЫНА ДЕЙІН (US_FRHC) FREEDOM HOLDING CORP. US3563901046 ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛЫМ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

29.01.19 09:23
/KASE, 29.01.19, 28.01.19 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы өзінің сауда-саттық жүйесінде жазылым жүргізу арқылы Freedom Holding Corp. (Солт-Лейк-Сити, США) US3563901046 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, US_FRHC) облигацияларының бастапқы орналастырылуы жүзеге асырылады. Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізгенде сатушысы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы, әрі қарай – Сатушы) болады. Орналастырылатын облигациялардың саны – 537 634 дана. Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 28 қаңтарынан 31 қаңтарына дейін алматылық уақытпен сағат 10:00-ден бастап 17:00-ге дейін. Жазылым жүргізгенде бағалы қағаздың коды – US_FRHC. Жазылым шегінде тек, KASE сауда-саттық жүйесінде жабық әдіспен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Сатып алушылар үшін жазылым жүргізу шарттарымен облигациялардың максималды санына шектеу қойылмаған. Сатушыға биржа қабылдаған өтінімдерді ұсыну уақыты – 2019 жылдың 01 ақпаны; Сатушының биржаға қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін ұсыну күні – 2019 жылдың 01 ақпаны; есеп айырысуды жүзеге асыру уақыты – 2019 жылдың 01 ақпаны. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушылар өздері сатып алған бағалы қағаздардың төлемін "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шоттарында алматы уақытымен 2019 жылдың 01 ақпаны күні қамтамасыз етуі тиіс. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес, аталмыш облигациялардың эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпарат тізіміне келесі мәліметте кіреді: 1) Жеке тұлғаның тегі, аты әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) Жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН. 3) Инвестордың азаматтығы – жеке тұлғаның немесе мемлекеттің заңына сәйкес тіркелуі жүргізілген инвестордың тіркелуі – заңды тұлғаның заңды тұлға ретінде; 4) заңды тұлғаның тіркелуін немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері ( номер, құжат беруші орган және беру күні); 5) жеке тұлғаның мекен-жайы және заңды тұлғаның мекен-жайы; 6) Орталық депозитарийдің есепке тіркеу жүйесіндегі өзге ақпараттар мен бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрамайтын ақпараттар. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/shares/show/US_FRHC мекен- жайында жарияланған. Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелері KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-01-29]