2019 жылдың 27 ақпанында "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді
/KASE, 25.01.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Шығыс Қазақстан обл), 2019 жылдың 27 ақпанында сағат 15:00-де өз акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады.
Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:
1. Компанияның 2017 жылға қаржылық есептілігін бекіту туралы;
2. Компанияның 2017 жылға таза табысын бөлу туралы;
3. 2017 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер туралы;
4. Компанияның 2018 жылға аудит жүргізетін аудиторлық ұйымын анықтау;
5. Компанияның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы;
6. Акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс- әрекеттеріне жүгіну мәселелерін қарастыру.
Хабарламаның толық мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланды – толығырақ
[2019-01-25]