21 желтоқсаннан бастап "Фридом Финанс" акционерлік қоғамына FinEx FFIN Kazakhstan Equity ETF сегрегацияланған қосалқы қорының IE00BG0C3K84 (IE_FXBF) акциялары бойынша Биржада маркет-мейкері мәртебесі берілді

19.12.18 12:00
/KASE, 19.12.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2018 жылдың 21 желтоқсанынан бастап "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) өтінішінің негізінде FinEx Physically Backed Funds Plc (Ирландия) альтернативті инвестициялық қордың FinEx FFIN Kazakhstan Equity ETF сегрегацияланған қосалқы қорының IE00BG0C3K84 (KASE ресми тізімі, "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" сектор, IE_FXBF) акциялары бойынша Биржада маркет-мейкер мәртебесі берілді. [2018-12-19]