KASE Басқармасы FinEx FFIN Kazakhstan Equity ETF оқшауланған қосалқы қорының IE00BG0C3K84 (IE_FXBF) акцияларын "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады
05.12.18 12:39
/KASE, 05.12.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2018
жылдың 04 желтоқсанындағы шешімімен FinEx Physically Backed Funds
Plc (Ирландия) балама инвестициялық қоры шығарған FinEx FFIN
Kazakhstan Equity ETF оқшауланған қосалқы қорының KZ2С0M12G010
акциялары KASE ресми тізіміне "Инвестициялық қорлардың бағалы
қағаздары" секторы бойынша ресми тізіміне енгізілді.
Аталмыш акцияларды іске қосудың бастамашысы"Фридом Финанс" АҚ
(Алматы).
Басқарманың осы шешімі "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі
құжатының 2.3 қосымшасының 1 тарауы 5 тармағының шарттарын
орындауына байланысты, өз күшіне енді.
Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы
туралы қосымша хабарланады.
Аталмыш облигацияларға IE_FXBF белгісі (сауда-саттық коды) берілді.
ETF акциялары Бүкіләлемдің биржалар федерациясының (World
Federation of Exchanges) толық мүшелері болып табылатын Мәскеу қор
биржасы ЖАҚ және Euronext Dublin (Euronext), ресми тізімінде орналасқан.
Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында жуырдағы уақытта басқарманың аталмыш шешімі
күшіне енген соң жарияланады.
[2018-12-05]