/KASE, 15.11.18/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE)Литсингілік комиссиясының 2018 жылдың 13 қарашасындағы
шешімімен "Баспана" Ипотекалық компаниясы" АҚ (Алматы)
KZ2С0M12G010 (KZ2С00004513; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 360 күн,
жылдық купон, жылдық 8,50 %; 30/360) облигациялары KASE ресми
тізіміне балама сауда-саттық алаңының "коммерциялық облигациялар"
санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді:
Листингілік комиссияның осы шешімі 2018 жылдың 16 қарашасынан бастап,
эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.4
қосымшасының 6 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына
байланысты, өз күшіне енді.
Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы
туралы қосымша хабарланады.
Аталмыш облигацияларға BASPb2 белгісі (сауда-саттық коды) берілді.
Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында жуырдағы уақытта
http://kase.kz/ru/issuers/BASP/ мекен-
жайында жарияланады.
[2018-11-15]