KZ
11 мамыр 2025, 15:17
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.11.2018 09:38 #Қаржы құралдары

16 қарашадан бастап "Баспана" Ипотекалық компаниясы" АҚ облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 15.11.18/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE)Литсингілік комиссиясының 2018 жылдың 13 қарашасындағы шешімімен "Баспана" Ипотекалық компаниясы" АҚ (Алматы) KZ2С0M12G010 (KZ2С00004513; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 360 күн, жылдық купон, жылдық 8,50 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді:

Листингілік комиссияның осы шешімі 2018 жылдың 16 қарашасынан бастап, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.4 қосымшасының 6 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына байланысты, өз күшіне енді.

Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады.

Аталмыш облигацияларға BASPb2 белгісі (сауда-саттық коды) берілді.

Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта толығырақ мекен- жайында жарияланады.

[2018-11-15]