"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі халықаралық Visa компаниясымен серіктестікте бірегей дизайндағы және 1,3% Cashback бар "Gold" деңгейіндегі "ALL IN" дебеттік карталарының жаңа сериясын шығарды
/KASE, 15.10.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға жолдаған 2018 жылдың 15 қазанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады:
цитатаның басы
Сбербанк халықаралық Visa компаниясымен серіктестікте бірегей дизайндағы және 1,3% Cashback бар "Gold" деңгейіндегі "ALL IN" дебеттік карталарының жаңа сериясын шығарды.
Visa ALL IN картасының бірқатар басымдылықтары бар:
Карта тегін ашылады.
Келесілер үшін комиссия алынбайды:
- жылдық қызмет көрсету;
- түгел қызмет көрсету мерзімі үшін;
- Қазақстанның кез-келген банкоматынан айына 500 000 теңгеге дейін қолма-қол ақша алған жағдайда
- Ресей аумағындағы кез-келген Сбербанк банкоматынан айына 50 000 АҚШ долларына (баламада) дейін ақша қаражатын алған жағдайда;
- қызмет көрсетудің барлық мерзіміне SMS-банкинг үшін;
- Қазақстанда желі ішінде "Сбербанк Онлайн" интернет-банкинг жүйесінде аударым жасаған кезде.
Төлем картасымен сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарында төлем картасымен төлеген кезде, сондай-ақ, ғаламтор дүкендерінде онымен есеп айырысқан кезде ай қорытындысы бойынша сатып алу сомасының 1,3% мөлшерінде Cashback ақша қаражаты түрінде картаға қайтарылады. Бұл ретте есептелінетін Cashback-тың ең жоғары сомасы шектелмеген.
Жаңа картаның дизайны Қазақстанның бірегей ландшафты стиліне негізделген.
"Ұшы-қиыры жоқ көк аспан, биік тау шыңдары, еркін ұшып келе жатқан бүркіт және шексіз де шетсіз кең дала - Сбербанк жаңа картасының шексіз мүмкіндіктерін білдіреді, - деп атап өтті "Сбербанк" АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары Алексей Акимов, - Бұл өз ақшаңызға тек ұқыпты қарауға ғана емес, сондай-ақ ұсталынған ақшаның бір бөлігін қайтару арқылы тиімді түрде үнемдеуге мүмкіндік беретін өте ыңғайлы өнім. Сондай-ақ, Cashback шектеусіз: карта иегері көбірек ақша ұстаған сайын ай соңында карточкалық шотқа көбірек ақша қайтарылады".
Қосымша басымдығы - "ALL IN" картасынан әлем бойынша халықаралық төлем жүйелерінің кез-келген картасына аударымды жүзеге асыру мүмкіндігі.
Толығырақ:
Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз: "Сбербанк" АҚ ЕБ Ермек Қойшыбаев +7(727) 266-35-68 вн. 501431 e-mail: Yermek.Koychebaev@sberbank.kz
Елена Гавинская Visa корпоративтік коммуникациялары жөніндегі директоры, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа Тел.: +38044 22 00 300 ogavinsk@visa.com
Ирина Нестеренко Орталық Азия мемлекеттеріндегі баспасөз қызметі Tayniy Sovetnik Agency Тел.: +7 727 355 17 27 irina.nesterenko@ts.agency
цитатаның соңы
[2018-10-15]