"SAT & Company" АҚ атауы өзгертілді
02.10.18 17:03
/KASE, 02.10.18/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "SAT & Company" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына
"Fincraft Resources" АҚ атауымен заңды тұлғаның мемлекеттік қайта
тіркеуден өткені туралы хабарлады.
"Fincraft Resources" АҚ орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ,
Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 242.
[2018-10-02]