/KASE, 27.08.18/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 24 тамызындағы
шешімімен "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) KZ1C53710014 (KZ1C00001593,
LZGR) облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық
алаңының "акциялар" санаты бойынша енгізуге келісім берілді.
Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2018 жылдың 27 тамызынан
бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 5 тарауының 1 тармағы 2.2
қосымшасында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне
енгізілді.
Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы
ашылғаны туралы қосымша хабарланады.
"Лизинг Групп" АҚ қаржылық кеңесшісі және аталмыш облигациялардың
ұстаушы өкілі - "Tengri Capital MB" (Алматы) болып табылады.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен
KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/ru/issuers/LZGR мекен-жайында
танысуға болады.
[2018-08-27]