KZ
11 мамыр 2025, 20:46
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.06.2018 17:04 #Қаржы құралдары

Биржада 15 маусымнан бастап, орындалуы 2018 жылдың желтоқсанында KASE индексінің мәніне фьючерстің сауда-саттығы ашылды

/KASE, 16.03.17/ – 2018 жылдың 15 маусымынан бастап орындалуы 2018 жылдың қыркүйегінде Қазақстан қор биржасында (KASE) мынадай мерзімдік келісім-шарттардың сауда-саттығы ашылды:

  • АҚШ долларының теңгеге бағамына есеп айырысу фьючерсі;
  • KASE индексінің мәніне есеп айырысу фьючерсі
  • KAZ Minerals PLC (Лондон) GB00B0HZPV38 (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_KZMS) жай акциялар фьючерсіне;
  • "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) KZ1C33870011 (KZ000A0LE0S4, KASE ресми тізімі, бірінші санат, HSBK) жай акциялар фьючерсіне;
  • "Кселл" АҚ (Алматы) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KCEL) жай акциялары фьючерсіне;
  • "КазТрансОйл" АҚ (Астана) KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTO) жай акциялары фьючерсіне;

KASE сауда жүйесінде аталған алты айлық келісімшарттарға тисініше қысқартылған белгілер (сауда-саттық кодтары) F_USDKZT1812, F_INKASE1812, F_GB_KZMS1812, F_HSBK1812, F_KCEL1812 және F_KZTO1812 берілген.

Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен жоғарыда аталған фьючерстерге төмендегі алғашқы теориялық бағалар белгіленді.

2018 жылдың 15 маусымынан бастап F F_USDKZT1809, F_INKASE1809, F_GB_KZMS1809, F_HSBK1809, F_KCEL1809 және F_KZTO1809 фьючерстері үш айлық мерзімдік келісімшарттарға айналатынын естеріңізге саламыз, соңғы сауда-саттық күні 2018 жылдың 14 қыркүйегі.

Алты айлық фьючерстермен соңғы сауда-саттық күні 2018 жылдың 14 желтоқсаны болып табылады.

Мерзімдік келісімшарттар бойынша сауда-саттық Биржада жұмыс күндері Алматы уақытымен 10:00 бастап 15:30 дейін, аталмыш сауда-саттық бойынша клирингілік сессия Алматы уақытымен 15:30 бастап 16:00 дейін өткізіледі

Биржалық сауда-саттыққа қатысу туынды қажы құралдарымен KASE деривативті нарығына клирингтік қатысушылар қатыса алады, оладың тізімі KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жай бойынша жарияланды.

Мерзімдік келісімшарттың биржалық саудаларының ережелері – толығырақ мекен-жайында жарияланады.

KASE деривативі нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін биржаның ішкі құжаттарының мәтіні толығырақ мекен -жайында ("Сауда-саттық" қалташасында) орналасқан.

[2018-06-15]