KZ
14 желтоқсан 2025, 07:15
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.05.2018 12:27 #Бағалы қағаздар

2018 ЖЫЛДЫҢ 01 МАМЫРЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

/KASE, 02.05.18/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2018 жылдың 01 мамырынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін акциялардың жаңа параметрлері – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды.

Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың 01 мамырына дейін қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген.

--------------------------------------------------------------------------------
              2018 жылдың 01 апанынан бастап       2018 жылдың 01 ақпанына дейін
         -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------
               орналас-    free       шектеу       орналас-    free       шектеу
Акцияның       тырылған   float коэффициенті       тырылған   float коэффициенті
коды           акциялар (Fi), %         (Ri)       акциялар (Fi), %          (Ri
                   саны                                саны                     
-------- -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------
CCBN        162 456 800    41,9    1,0000000    162 456 800    26,6    1,0000000
GB_KZMS     458 379 033    57,0    0,0272761    458 379 033    57,0    0,0384004
HSBK     10 995 444 874    26,5    0,0985536 10 995 467 774    26,5    0,1298726
KCEL         20 000 000    15,7    0,5489764    200 000 000    15,9    0,7470254
KEGC        259 998 610    10,0    0,7598596    259 998 610    10,0    1,0000000
KZTK         10 707 323    23,0    0,4055145     10 707 323    23,0    0,6762456
KZTO        384 628 099    10,0    0,4864626    384 628 099    10,0    0,6948418
--------------------------------------------------------------------------------
               KASE Индексінің өкілеттік тізімінен алып тасталды                
--------------------------------------------------------------------------------
ABBN                                             26 081 627    41,6    1,0000000
--------------------------------------------------------------------------------

Осыдан басқа, Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің аталмыш шешімімен 2018 жылдың 01 мамырынан бастап KASE Индексін есептеу барысында түзету коэффициентінің жаңа мәні (K) – 4,2572095 қолданылады. Аталмыш күнге дейін K – 3,0169255тең болды.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.

Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Индекс беті толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: ABBN – "Астана Банкі"; CCBN – " ЦентрКредит Банкі" АҚ; GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; HSBK – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ; KCEL –"Кселл" АҚ; KEGC – "Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" (KEGC); KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; KZTO – "КазТрансОйл" АҚ; RDGZ – "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ.

Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді.

Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.

Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр.

[2018-05-02]