KZ
28 маусым 2025, 09:19
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.03.2018 16:30 #Корпоративтік уақиғалар

Еуразиялық даму банкі "Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ сауданы қаржыландыру мақсатына 20 млн. АҚШ долларымен несие желісін бергені туралы хабарлады

/KASE, 01.03.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі ақпараттық хабарлама ұсынды:

цитата басы

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) және «Альфа-Банк» ЕБ АҚ мемлекеттерді – ЕАДБ қатысушыларын қаржыландыруға үлкен бөлігі жіберілетін, «Альфа- Банк» ЕБ АҚ клиенттерінің сыртқы сауда операцияларын қарастыратын келісімге қол қойды. Тиісті құжатқа қол қойғандар: ЕАДБ тарапынан – активтер мен пассивтер жөніндегі басқарушы директоры Дмитрий Ладиков- Роев, «Альфа-Банк» ЕБ АҚ тарапынан – Басқарма төрайымы Алина Владимировна Аникина.

Келісімге сәйкес ЕАДБ 5 жылға 20 млн АҚШ долларын береді. Желінің аясында қаржыландыру 3 айдан бастап 12 айға дейін АҚШ долларымен, еуромен, теңгемен және ресей рубльдерімен беріледі.

«Жобаны іске асыру техниканы, қосалқы бөлшектерді, шикізатты, жабдықтарды саудалау саласында мемлекеттердің – Банк қатысушыларының экономикалық субъектілерінің арасындағы корпоративті және серіктестік байланысты дамытуға қолайлы әсер ете алады, ол өз кезегінде біріккен кәсіпорындар құрудың алдыңғы қадамы болады»,- деді ЕАДБ басқарушы директоры Дмитрий Ладиков-Роев.

цитата соңы

Орыс және ағылшын тіліндегі толық нұсқасы KASE интернет-сайтында – толығырақ мекен-жайында жариялаған.

[2018-03-01]