"ОРДА кредит" Несие серіктестігі" ЖШС KZ2P0Y10C900 (KZ2P00000193, ORDKb2) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

26.01.18 10:10
/KASE, 26.01.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "ОРДА кредит" Несие серіктестігі" ЖШС (Шымкент) KZ2P0Y10C900 (KZ2P00000193, KASE балама сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, ORDKb2, 1 000 тенге, 1,5 млрд тенге; 26.01.08 – 26.01.18, тоқсандық купон жылдық 12,00 %, 30/360) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты 2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2008 жылдың 25 маусымынан бастап "В" секторына енгізілген, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап м ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатында орналасқан. Олардың сауда-саттықтары 2008 жылдың 26 маусымынан бастап ашылған. [2018-01-26]