"Fincraft" инвестициялық Үйі" АҚ KZ1C50590013 (KZ1C00001502, IDFC) жай акциялары KASE балама сауда-саттық алаңының "акциялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті
25.01.18 16:23
/KASE, 25.01.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясының 2018 жылдың 25 қаңтарындағы шешімімен "Fincraft"
инвестициялық Үйі" АҚ KZ1C50590013 (ISIN – KZ1C00001502) жай
акциялары KASE балама сауда-саттық алаңының стандарт санаты бойынша
листинг процедурасынан өтті.
Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2
қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды
орындағаннан кейін күшіне енеді.
Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны
туралы қосымша хабарланады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағалы қағаздарды
2014 жылдың 20 қазанындағы мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес,
шешімімен "Fincraft" инвестициялық Үйі" АҚ акцияларының саны
28 268 573 жай акцияға бөлінген, оған KZ1C50590013 ұлттық сәйкестендіру
номері берілген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік
тізбесіне A5059 номерімен енгізілген.
Аталмыш акцияларға тиісінше IDFC қысқартылған белгілері (сауда-саттық
кодтары) берілді.
"Fincraft" инвестициялық Үйі" АҚ негізгі қызмет түрі: бағалы қағаздар
нарығында броекрлік және дилерлік қызмет, андеррайтер қызметі,
инвестициялық қоржынды басқару қызметі, маркет-мейкер қызметін көрсету,
облигацияларды ұстаушы өкіл қызметін көрсету.
Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік
комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында
жарияланады.
[2018-01-25]