KZ
3 шілде 2025, 14:58
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.01.2018 11:35 #Корпоративтік уақиғалар

АНОНС: 2018 ЖЫЛДЫҢ 09 ҚАҢТАРЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА "ЭМИТЕНТ КҮНІ" ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА "КСЕЛЛ" АҚ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ

/KASE, 08.01.18, 05.01.18 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (Биржа немесе KASE) 2018 жылдың 09 қаңтарында Қазақстан қор биржасында "Эмитент күні" іс-шарасы аясында "Кселл" АҚ (Астана) институционалды инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларымен кездесу өтеді.

Кездесудің басталу уақыты – алматы уақытымен сағат 15:00, өтетін орны: Алматы қ, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" КСК ғимараты, 8-ші қабат, KASE мәжіліс залы.

Андеррайтері "Tengri Capital MB" АҚ осы іс-шарасы "Кселл" АҚ облигацияларының алғашқы шығарылымын орналастыруға арналған.

Сонымен қатар, кездесу барысында "Кселл" АҚ операциялық және қаржы қызметі нәтижелерін, ағымдық жобаларын және болжамдық көрсеткіштерін талқыланады.

Осы іс-шараға қатысу үшін Биржа мүшелері customers@kase.kz электрондық мекен-жайына қатысушы туралы мәліметті жіберуі тиіс (аты, жөні, тегі, лауазымы, электрондық пошта мекен-жайы).

Биржа 2016–2018 жылдарға Биржаның қабылдаған стратегиясына сәйкес "Эмитент күнін" өткізеді. Аталмыш іс-шараларды өткізу мақсаты Биржада сатылатын бағалы қағаздарға инвесторлардың қызығушылығын арттыру, сондай-ақ компания акционерлерімен кері байланыс орнату болып табылады.

[2018-01-08]