Кристалл Менеджмент" АҚ KZ1C60510019 (KZ1C00001486, CRMG) жай акциялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "акциялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті
27.12.17 17:17
/KASE, 27.12.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясының 2017 жылдың 27 желтоқсанындағы шешімімен "Кристалл
Менеджмент" АҚ KZ1C60510019 (ISIN – KZ1C00001486) жай акциялары
KASE негізгі сауда-саттық алаңының стандарт санаты бойынша листинг
процедурасынан өтті.
Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2
қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды
орындағаннан кейін күшіне енеді.
Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны
туралы қосымша хабарланады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағалы қағаздарды
2017 жылдың 07 сәуіріндегі мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес,
шешімімен "Кристалл Менеджмент" АҚ жарияланған акцияларының саны
35 670 200 жай акцияға бөлінген, оған KZ1C60510019 ұлттық сәйкестендіру
номері берілген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік
тізбесіне A6051 номерімен енгізілген.
"Кристалл Менеджмент" АҚ қаржылық кеңесшісі "SkyBridge Invest" АҚ
(Алматы) болып табылады.
Аталмыш акцияларға тиісінше CRMG қысқартылған белгілері (сауда-саттық
кодтары) берілді.
"Кристалл Менеджмент" АҚ негізгі қызмет түрі: келісім-шарт аумағында
мұнай операцияларын жүргізу, мұнай және газ кен орындарын пайдалану
болып табылады.
Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік
комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында
жарияланады.
[2017-12-27]