"Бузгул Аурум" ЖШС KZP01Y05F308 (KZ2P00003627, BUZAb1) облигациялары 2017 жылдың 13 желтоқсанынан бастап KASE ресми тізімінен шығарылды

12.12.17 17:24
/KASE, 12.12.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бузгул Аурум" ЖШС (Алматы) KZP01Y05F308 (KZ2P00003627, KASE балама сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, BUZAb1; 10 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 06.10.16 – 06.10.21; жылдық купон, жылдық 19,00 %; 30/360) облигациялары 2017 жылдың 13 желтоқсанынан бастап төмендегі акциялары KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. KASE 2017 жылдың 14 желтоқсанындағы қорытындысы бойынша KASE алдында компанияның жыл сайынғы листингілік алым төлемі бойынша қарыздары болғандықтан,аталмыш облигацияларды делистингілеу мүмкіндігі туралы мәселені қарастыру негіздеме болып табылды. Жоғарыда баяндалған негізінде және KASE ішкі құжаты Листингілік ережелерінің 2.2. тарауының 3 қосымшасының 1 тарауының 1 тармақшасына сәйкес аталмыш облигациялар делистингілеуге жіберілді. Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне 2016 жылдың 28 маусымынан бастап "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілген, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің балама сауда- саттық алаңының "облигациялар" санатында тұрған. Олардың сауда- саттықтары 2016 жылдың 10 қазанынан бастап ашылған. [2017-12-12]