KZ
3 шілде 2025, 14:28
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.11.2017 11:36 #Индекстер мен индикаторлар

2017 ЖЫЛДЫҢ 01 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

/KASE, 01.11.17/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2017 жылдың 01 қарашасынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін акциялардың жаңа параметрлері – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды.

Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың 01 қарашасына дейін қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген.

--------------------------------------------------------------------------------
           2017 жылдың 01 қарашасынан бастап     2017 жылдың 01 қарашасына дейін
         -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------
               орналас-    free       шектеу       орналас-    free       шектеу
Акцияның       тырылған   float коэффициенті       тырылған   float коэффициенті
коды           акциялар (Fi), %         (Ri)       акциялар (Fi), %          (Ri
                   саны                                саны                     
-------- -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------
CCBN        458 379 033    57,0    0,0545757    458 379 033    57,3    0,0903070
GB_KZMS  10 995 503 982    26,5    0,2279846 10 995 525 282    26,5    0,2833811
HSBK        200 000 000    18,1    0,7811401    200 000 000    25,0    0,8655105
KCEL        259 998 610    10,0    1,0000000    259 998 610    10,0    1,0000000
KEGC         10 707 323    23,0    1,0000000     10 707 323    23,0    1,0000000
KZTK        384 628 099    10,0    1,0000000    384 628 099    10,0    0,9223498
KZTO         67 693 075    36,3    0,1023628     67 693 075    36,3    0,1082459
RDGZ        458 379 033    57,0    0,0545757    458 379 033    57,3    0,0903070
-------- -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------
               KASE Индексінің өкілеттік тізімінен алып тасталды                
--------------------------------------------------------------------------------
BAST                                            162 456 800    26,6    1,0000000
--------------------------------------------------------------------------------

Осыдан басқа, Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің аталмыш шешімімен 2017 жылдың 01 қарашасынан бастап KASE Индексін есептеу барысында түзету коэффициентінің жаңа мәні (K) – 2,0350644 қолданылады. Аталмыш күнге дейін K – 1,8918698 тең болды.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.

Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Индекс беті толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: BAST – "БАСТ" АҚ; CCBN – " ЦентрКредит Банкі" АҚ; GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; HSBK – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ; KCEL –"Кселл" АҚ; KEGC – "Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" (KEGC); KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; KZTO – "КазТрансОйл" АҚ; RDGZ – "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ.

Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді.

Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.

Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр.

[2017-11-01]