KZ
12 шілде 2025, 16:13
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
20.10.2017 17:13 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақстан Даму Банкі" АҚ Қарағанды облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы бойынша жобаны қаржыландырғаны туралы хабарлады

/KASE, 20.10.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендігі туралы хабарлады:

цитата басы

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ("Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі - Банк, ҚДБ) "Жәйрем тау-кен байыту комбинаты" АҚ ("Қазцинк" ЖШС құрылымында) Қарағанды облысы Жәйрем ауылында қуаттылығы жылына 5 млн тонна полиметалл кендерін қайта өңдейтін (бұдан әрі - Жоба) жаңа тау-кен байыту комбинатын (бұдан әрі - ТБК) салу үшін несие желісін ашты.

Жобаның жалпы құны 424 млн АҚШ долларын құрайды. ҚДБ құны 352 млн АҚШ долларына бағаланатын тау-кен байыту комбинатының бірінші кезеңін салу үшін 7 жылға дейінгі мерзімге ұлттық валютада 33 млрд теңге көлемінде қарыз ұсынады. Тиісті несиелік келісімге тараптар а. ж. 20 қазанында Астана қаласында қол қойды.

Жоба ҚР 2015-2019 жылдарға арналған Индустирялдық-инновациялық даму Мемлекеттік Бағдарламасы аясында қаржыландырылады.

цитата соңы

Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – толығырақ мекен-жайында танысуға болады.

[2017-10-20]