"Қазақстан Даму Банкі" АҚ Ақтөбе облысының он шақты елді мекендерін газдандыру жобасын жүзеге асыру үшін "КазТрансГаз Аймак" АҚ несие желісін ашқаны туралы хабарлады

11.10.17 17:51
/KASE, 11.10.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Қазақстан Даму Банкі" АҚ Директорлар кеңесі (әрі қарай – ДК) ("Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" еншілес ұйымы, әрі қарай – ҚДБ, Банк) он елді мекенді (Комсомол, Талдысай, Еңбек, Алтынды, Қосестек, Аққұдық, Ырғыз, Ойыл, Богословка, Жайсан) газбен жабдықтау жобасын іске асыру және Ақтөбе облысының газ тарату желілерін жаңғырту үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ несие желісін ашты. Жобаның жалпы құны 21,772 млрд теңгені құрайды. ҚДБ 10 жылға дейінгі мерзіммен 13,023 млрд теңге сомасында несие ұсынды. Жоба аясында жалпы ұзындығы 477,4 км газ құбырлары салынады, сондай- ақ жұмыс істеп тұрған газ құбырларының 31,4 км және Ақтөбе мен Қандыағаш қалаларындағы екі автоматтандырылған газ тарату станциялары (АГТС) жаңғыртылады. Жобаны іске асыру нәтижесінде табиғи газбен өңірдің 30 000 астам тұрғынын қосымша қамтамасыз ету жоспарланған. Оған қоса, Жобаны аяқтағаннан кейін жаңа және жаңғыртылған газ тарату желілері бойынша газ тасымалдаудың жалпы көлемі 1,493 млрд м3/жыл құрайды. Жоба аясында Ақтөбе облысының газбен жабдықталған халқының үлесін 2020 жылға қарай қазіргі 85% деңгейден 96% дейін, немесе абсолютті көрсеткіштер – 801 000 адамға дейін ұлғайту көзделген. "Ақтөбе қаласында аталған Жоба аясында салынған АГТС-300 Қазақстандағы ең қуатты болып табылады. Аталған жоба қуаттылықты арттыру және қалада жұмыс істеп тұрған АГТС-ке жүктемені азайту мақсатына жүзеге асырылды. Аталған нысанның құрылысы аясында 32 км жуық жаңа газ құбырлары тартылды, 2 газ қысымын реттеу бекеті салынды", - деп атап өтті "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ бас директоры Манас Тасыбаев. цитата соңы Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_111017.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2017-10-11]