13 қыркүйекте Қазақстан қор биржасында "Эмитент күні" жобасының шегінде "ҚазТрансГаз" АҚ инвесторлармен кездесуі өткізілді

14.09.17 15:32
/KASE, 14.09.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2017 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан қор биржасында (KASE, Биржа) "ҚазТрансГаз" АҚ, АҚШ долларымен номинацияланған, жоспарланған еурооблигациялар шығарылымы мен орналастырыуна орай, компанияның қазіргі және әлеуетті қазақстандық инвесторлары үшін презентация өткізілгенін хабарлайды. Іс-шара, Биржаның "Эмитент күні" жобасы шегінде, "SkyBridge Invest" АҚ ұйымдастьырылды, оның мақсаты компания-эмитенттің қызметі туралы инвесторларды ақпараттандыру, олардың инвестициялық мүмкіндіктері және еурооблигациялардың алдағы орналастырылуы туралы хабардарлығы болып табылады. Осы кезде инвесторлармен қарым-қатынастар көпшілікке танымал компаниялардың қызметіндегі өзекті сала болып табылады, осыға байланысты мұндай кездесулер, бағалы қағаздары өтімді болып табылатын, барлық KASE эмитенттері үшін тұрақты негізде өткізіледі. Презентация барысында "ҚазТрансГаз" АҚ өкілдері инвсторларға алдағы келе жатқан орналастыру туралы, сондай-ақ компанияның операциялық және қаржылық қызметі туралы ақпараттандырды. АҚШ-та және Ұлыбританияда (Лондон қаласында) ұйымдастырылатын, әлеуетті инвесторлармен кездесулер аяқталғаннан кейін, нарықтық жағдайларға қарай, 144А Ережесіне және Reg S Қағидасына сәйкес шығарылған, АҚШ долларындағы, айналыс мерзімі 10 жылға дейін қамтамасыз етілмеген және "Интергаз Орталық Азиы" АҚ кепілденген, аға еурооблигацияларын орналастыру күтілуде. Еурооблигациялар Ирландиялық қор биржасында және Қазақстан қор биржасында листингтен өтуі тұспалданады. Осы іс-шараның баспасөз хабарламасы KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/press/kz/13_09_2017_KASE_KazTransGaz_kaz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2017-09-14]