/KASE, 01.08.17/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы
қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2017 жылдың 01 тамызынан
бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін акциялардың жаңа
параметрлері – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу
коэффициенттері – анықталды.
Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін,
акциялардың 01 тамызына дейін қолданыста болған және жаңа
параметрлері көрсетілген.
--------------------------------------------------------------------------------
2017 жылдың 01 тамызынан бастап 2017 жылдың 01 тамызына дейін
-------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------
орналас- free шектеу орналас- free шектеу
Акцияның тырылған float коэффициенті тырылған float коэффициенті
коды акциялар (Fi), % (Ri) акциялар (Fi), % (Ri
саны саны
-------- -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------
CCBN 162 456 800 26,6 1,0000000 162 456 800 26,6 1,0000000
GB_KZMS 458 379 033 57,3 0,0612212 458 379 033 57,3 0,0903070
HSBK 10 995 509 482 26,5 0,2161894 10 995 525 282 26,5 0,2833811
KCEL 200 000 000 25,0 0,7319914 200 000 000 25,0 0,8655105
KEGC 259 998 610 10,0 1,0000000 259 998 610 10,0 1,0000000
KZTK 10 707 323 23,0 1,0000000 10 707 323 23,0 1,0000000
KZTO 384 628 099 10,0 1,0000000 384 628 099 10,0 0,9223498
RDGZ 67 693 075 36,3 0,1019726 67 693 075 36,3 0,1082459
--------------------------------------------------------------------------------
Осыдан басқа, Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің
аталмыш шешімімен 2017 жылдың 01 тамызынан бастап KASE Индексін
есептеу барысында түзету коэффициентінің жаңа мәні (K) – 1,8918698
қолданылады. Аталмыш күнге дейін K – 1,6545428 тең болды.
КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ
KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті
есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін,
олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free
float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы
акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы
индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау
шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері
KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында
жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық
сессиясының нәтижелері қолданылады.
Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі"
атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жай
бойынша жарияланған.
Индекс беті
http://www.kase.kz/kz/index_kase мекен-жай бойынша
жарияланған.
Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын
(алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер
бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция
шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық
таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: BAST – "БАСТ" АҚ; CCBN – "
ЦентрКредит Банкі" АҚ; GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; HSBK – "Қазақстан
Халық жинақ банкі" АҚ; KCEL –"Кселл" АҚ; KEGC – "Қазақстан электр
желілерін басқару компаниясы" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating
Company) "KEGOC" (KEGC); KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; KZTO –
"КазТрансОйл" АҚ; RDGZ – "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ.
Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің
тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның
ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік
компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде
анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде
орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының
мәнін ескереді.
Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің
жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына
иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен
стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын
институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді
қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.
Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес
пайызға дейін шектейтін, параметр.
[2017-08-01]