"Кселл" АҚ 9,0 млрд теңге қаржыға салық талабын ұсынғаны туралы хабарлады

05.07.17 18:08
/KASE, 05.07.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы, әрі қарай цитатада - Компания), Қазақстан қор биржасына төмендегіні хабарлады: цитата басы ... Қазақстанның салық органы Компанияның 2012-2015 жылдарға арналған кешенді тексеруін аяқтады. Компанияның тексеру нәтижесі бойынша жалпы 9,0 млрд. теңгеге салық талабы ұсынылды, оның ішінде төленбеген салық үшін 5,8 млрд. теңге, сондай-ақ төлем мерзімі өткені үшін айыппұл мен өсімақы 3,2 млрд. теңге көлемінде. Кселл талапты сотқа жүгіну арқылы дауласуды көздеп отыр. цитата соңы [2017-07-05]