"Алматинские электрические станции" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

18.07.17 12:49
/KASE, 18.07.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Алматинские электрические станции" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C54380015 жай акцияларының жалпы саны 2 933 250 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Энерго" АҚ болып табылады. [2017-07-18]