KZ
16 шілде 2025, 02:18
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.07.2017 11:34 #Индекстер мен индикаторлар

KASE 2016 ЖЫЛДЫҢ 01 ТАМЫЗЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨКІЛЕТТІЛІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

/KASE, 14.07.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE), "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес Индекс және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2017 жылдың 14 сәуіріндегі шешімімен, 2017 жылдың 01 тамызынан бастап KASE Индексін есептеуге арналған өкілеттілік тізімін анықтады.

Аталған шешімге сәйкес 2017 жылдың 01 тамызынан бастап KASE Индексін есептеуге арналған өкілеттілік тізімі өзгертілмейді.

Сонымен, 2017 жылдың 01 тамызынан бастап KASE Индексін есептегенде келесі акциялардың параметрлері қолданылатын болады:

--------------------------------------------------------------------------
# р/с Акцияның ҰСН немесе ISIN Эмитент                Fi      Ri     Үлесі
      коды                                                                
----- -------- --------------- --------------------- ----- --------- -----
  1   CCBN      KZ1C36280010   "Банк ЦентрКредит" АҚ 21,5  1,0000000  2,2 
  2   GB_KZMS   GB00B0HZPV38   KAZ Minerals PLC      155,5 0,0800000 15,7 
  3   HSBK      KZ1C33870011   "Қазақстан Халық      148,5 0,2100000 15,0 
                               жинақ банкі" АҚ "                          
  4   KCEL      KZ1C59150017   "Кселл" АҚ            148,2 0,7400000 14,9 
  5   KEGC      KZ1C34930012   "KEGOC" АҚ (KEGC)     106,5 1,0000000 10,7 
  6   KZTK      KZ1C12280018   "Қазақтелеком" АҚ     126,7 1,0000000 12,8 
  7   KZTO      KZ1C29950017   "ҚазТрансОйл" АҚ      142,5 1,0000000 14,4 
  8   RDGZ      KZ1C51460018   "ҚазМұнайГаз"         142,2 0,1000000 14,3 
                               Барлау Өндіру" АҚ                          
--------------------------------------------------------------------------

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

ҰСН немесе ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.

Эмитент – акция эмитентінің қысқаша атауы.

Fi – 01.07.17 жылы KASE-де тіркелген, соңғы мәміле бағасының, 13.07.17 жылға еркін айналыстағы акциялар санының және, әрбір атаулы акциясының индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін, Ri коэфициентінің көбейтіндісі нәтижесінде алынған параметр, млн АҚШ долларымен көрсетіледі. Индекс және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 01.07.17 басында Fi мәні біршама басқа болады, өйткені акциялардың ағымдағы бағаларына сәйкес Ri коэффициенттері түзетілетін болады.

Ri – шектеу коэффициенті – есептесу тәртібі Әдістемеде берілген, 0,15 (15 %) дейін индекс мәніне әрбір акцияның әсер ету үлесін шектейтін параметр.

Үлес – KASE Индексін есептеуге арналған өкілеттілік тізімде тұрған, барлық атаулылар акцияларының жалпы нарықтық құнындағы қандай да бір атаулы акциясының жалпы нарықтық бағасының үлесі.

Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған.

[2017-07-14]