Ferro-Alloy Resources Limited (Гернси) GG00BD3DTC15 (GG_FERR) жай акциялары KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "акциялар" секторына 26 мамырынан бастап енгізілді

26.06.17 15:04
/KASE, 26.05.17/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 24 мамырындағы шешімімен KASE ресми тізімінің екінші санаты бойынша Ferro-Alloy Resources Limited компаниясының GG00BD3DTC15 жай акциялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2017 жылдың 26 маусымынан бастап, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енді. 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінде көрсетілген акциялардың құрылымы KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "акциялар" секторына енгізілген деп танылды. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларға тиісінше GG_FERR қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/gg_ferr мекен-жайында танысуға болады. [2017-06-26]