"Шымкент Мұнай өнiмдерi" АҚ акционерлерінің 2017 жылдың 26 маусымында жылдық жалпы жиналысы өтеді
/KASE, 24.05.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Шымкент Мұнай өнiмдерi" АҚ (Оңтүстік Қазақстан обл., одан әрі – компания), биржаға (KASE), 2017 жылдың 26 маусымында сағат 11.00-де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтетінін хабарлады. Күн тәртібіндегі мәселе:
1) компанияның жылдық қаржылық есебін бекіту;
2) компанияның 2016 жылға таза табысын бөлу, өткен жылдардағы бөлінбеген табысын бөлу тәртібін бекіту туралы және жай акциялар бойынша дивиденд төлеу ;
3) компания акционерлерінің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне жүгінулері туралы;
Аталмыш жиналыс: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ, Еңбекші ауданы, Жұлдыз ш/а,, Гагарин көшесі, 27/10 мекен-жайында болып өтеді.
Аталмыш жиналысқа қатысушылардың тізімі 2017 жылдың 25 мамырындағы жағдайы бойынша жасалды.
Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы жоғарыда аталған мекен-жайда 2017 жылдың 27 маусымында өтеді.
[2017-05-24]