Биржалық симулятор: алғашқы үш күнде сауда-саттық көлемі 437 млн теңгені құрады

04.04.17 11:33
/KASE, 04.04.17/ – Бұрын хабарлағандай, 2017 жылдың 29 наурызынан 26 сәуіріне дейін Қазақстан қор биржасы (KASE) мен "ИРБИС" қаржы нарығының ақпараттық агенттігі ұйымдастыруымен білім беруші "Биржалық симулятор" конкурсы өткізіледі. Сауда-саттық қорытындысы бойынша 2017 жылдың 29 наурызынан 34 наурызына дейін жалпы сомасы 436 995,6 мың теңгеге 2 767 мәміле жасалды. "Кселл" АҚ жай акциялары неғұрлым белсенді сатылды – жалпы сомасы 56 939,2 мың теңгеге 325 мәміле жасалды. Сонымен қатар, Bank of America Corporation – жалпы сомасы 74 215,3 мың теңгеге 312 мәміле жасалды. Алғашқы сауда-саттық үш күнінде тіркелген 1 398 студенттің 396 белсенділік танытты. Яғни, бұл көрсеткіш олардың әрқайсы кем дегенде бір мәміледен жасағанын көрсетеді. Бір қатысушыға мәміленің ең жоғары саны 52 операцияны құрайды, бір қатысушыға мәміленің ең жоғары көлемі 27 381,0 мың теңгені құрайды. "Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – жас мамамндардың қаржылық сауаттылығын арттыру және олардың қор нарығында тәжірибелік дағды алуын арттыру. Студенттерге қазақстандық қор нарығындағы аса өтімді бағалы қағаздармен сауда-саттық жасауға мүмкіндік беріледі, олардың басым бөлігі KASE Индексінің құрамына кіреді. Әрбір қатысушыға сауда-саттық басында басқаруға бір миллион теңге көлемінде портфель беріледі. Студенттердің негізгі мақсаты ең үздік портфель қалыптастыру болып табылады, соған орай конкурстың жеңімпазы анықталады. Аталмыш конкурсты проводится группой KASE компаниясының тобы 2008 жылдан бері өткізіп келеді. Тоғыз жылдың ішінде сауда-саттыққа Қазақстан Республикасының 50 ЖОО – нан 4 000 адам қатысқан. [2017-04-04]