"Шымкент Мұнай өнiмдерi" АҚ акционерлерінің 2017 жылдың 03 наурызында жылдық жалпы жиналысы өтеді

02.02.17, 15:06
/KASE, 02.02.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Шымкент Мұнай өнiмдерi" АҚ (Оңтүстік Қазақстан обл., одан әрі – компания), биржаға (KASE), 2017 жылдың 03 наурызында сағат 11.00-де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтетінін хабарлады. Күн тәртібіндегі жалғыз мәселе "ҚОР" Мұнай компаниясы" акционерлік қоғамымен мәмілені мақұлдау болып табылады, оның нәтижесінде компания мүлкінен және компанияның активінің баланстық құнының елу және одан да көп пайызын құрайтын құнынан айырылады. Аталмыш жиналыс: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ, Жұлдыз ш/а, Гагарин көшесі, 27/10 мекен-жайында болып өтеді. Кворум жиналмаған жағдайда қайталама жиналыс 2017 жылдың 31 қаңтарында жоғарыда аталған мекен-жай бойынша болып өтеді. Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы жоғарыда аталған мекен-жайда 2017 жылдың 04 наурызында өтеді. [2017-02-02]