"Казкоммерцбанк" АҚ 2014 жылға KZ1P00400112 (KZ0005416453, KKGBp) жай акциялары бойынша дивиденд төлеуді көздеп отырғаны туралы хабарлады

30.11.16 17:55
/KASE, 30.11.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен ақпараттық хабарлама ұсынды: ... ... 2016 жылдың 30 мамырындағы Банктің акционерлерінің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес 2014 жылға "Казкоммерцбанк" АҚ "Акционерлік қоғам туралы" Заңының 24 бабының 3 тармағына сәйкес Банктің акционерлеріне артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлегені туралы хабарлады. 1) Банктің атауы - «Казкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамы; орналасқан жері - Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Гагарин даңғ., 135 «ж»; Банктің банктік және басқа деректемелері - БСК KZKOKZKX, БСН 911040000021, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» ММ-дегі ЖСК KZ75125KZT1001300335, БСК NBRKKZKX; резиденттік белгісі - 1; экономика секторы - 4; 2) дивидендтер төленетін кезең - күнтізбелік жыл; 3) бір артықшылықты акцияға есептелген дивиденд мөлшері - Банк Акцияларын шығару Проспектіне сәйкес дивиденд мөлшері белгіленген болып табылады, теңгемен көрсетіледі және бір артықшылықты акцияға келесі формула бойынша есептеледі: 0.04 х Банктің дивидендтер төленетін күнге сәйкес есептік бағамы. «Банктің есептік бағамы» деген ұғым Банктегі есептік бағам белгіленетін күннің алдындағы жұмыс күні Қазақстан қор биржасының таңғы (негізгі) сессиясында құрылған теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамын білдіреді; 4) дивидендтерді төлеу басталатын күн - 2015 жылғы «10» желтоқсан, Банктің артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар Акционерлердің тізімі құрылатын күн, - 2015 жылғы «10» қараша; 5) дивидендтерді төлеу тәртібі және нысаны - ақшаны акционерлердің - Банктің артықшылықты акцияларын ұстаушылардың банктік шоттарына ақшалай нысанда қолма-қол ақшасыз тәсілмен есепке аудару арқылы. ... [2016-12-05]