"ҚазАгро" Басқарушы холдингі АҚ Алматыда жаңа жылыжай кешенін іске қосуға дайындығы туралы хабарлады
/KASE, 28.11.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазАгро" Ұлттық Басқарушы холдингі" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегіні хабарлады:
...
Алматы қаласында Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешені тұрғызылды. Бұл "ҚазАгро" ұлттық холдингінің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында іске қосылғалы отырған республиканың АӨК-гі кезекті инвестициялық жоба. Объектіні Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық құрметіне ресми түрде ашу іс-шарасы биылғы жылдың желтоқсан айына белгіленген.
"BRBAPK" ЖШС-нің жалпы құны 6,6 млрд. теңге тұратын алаңы 12 га жылыжайын "ҚазАгро" құрылымындағы компания - "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржыландырған. Объект оңтүстік астананың Алатау ауданында орналасқан және 3 200 тонна қызанақ пен 4 000 тонна қиярдың жылдық өндірісіне бағдарланған. Өндірісте Dalsem голланд компаниясының технологиясы қолданылады. Шамамен 150 адамды жұмыспен қамту көзделген.
...
Толық ақпарат KASE интернет-сайтында толығырақ мекен-жайында жарияланған.
[2016-11-28]