KZ
12 мамыр 2025, 15:07
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.11.2016 17:54 #Корпоративтік уақиғалар

"Кселл" АҚ өзінің Директорлар кеңесі "TNS+" ЖШС-пен интернет-трафик бойынша қызметтер көрсетуге келісім-шарт жасасуға келісімін бергені туралы хабарлады

/KASE, 22.11.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы) биржаға жолдаған ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді:

Қазақстанның мобильді телекоммуникациялық қызметтердің нарығындағы кіріс көлемі мен абоненттер саны бойынша жетекші провайдері "Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL) өз инвесторлары мен акционерлеріне келесіні хабарлайды: "Кселл" АҚ Директорлар кеңесі "TNS+" ЖШС-пен интернет-трафик бойынша қызметтер көрсетуге үш жылға келісім-шарт жасасуға келісімін берді.

[2016-11-22]