"Сбербанк" АҚ ЕБ және Бәйтерек холдингінің еншілес ұйымы "КазЭкспортГарант" АҚ экспорттаушыларды қолдау бағдарламасының аясында ынтымақтастық туралы келісім жасасқаны туралы хабарлады

14.11.16 12:38
/KASE, 14.11.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), биржаға ұсынған 2016 жылдың 14 қарашасындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитата басы "Сбербанк" АҚ ЕБ және Бәйтерек холдингінің еншілес ұйымы "КазЭкспортГарант" АҚ экспорттаушыларды қолдау бағдарламасының аясында ынтымақтастық туралы келісім жасады. Аталмыш бағдарлама аясында Сбербанк алкогольсіз сусындарды өндіру үшін және Ресейге экспорттау үшін "Арасан" фирмасы" ЖШС-ға экспорттауға дейін қаржы ұсыну арқылы бірінші жобаны қаржыландырды. Компания Қостанай облысының ірі өндірушілерінің бірі болып табылады. 30%-нан астам өнімі экспортталады. "Сбербанк сыртқы экономикалық қызметтерге банктік қызметтер көрсету бойынша жетекші орында, сонымен қатар біз әрқашан клиенттерімізде қызықты әрі тиімді шешімдер ұсынуға тырысамыз. Бұл біз үшін "КазЭкспортГарант" АҚ-мен бірге қазақстандық экспортты қаржыландырудағы алғашқы тәжірибеміз. Бұл ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімді әрі жемісті болады деген үміттеміз", - деп атап өтті Ельдар Тенизбаев, "Сбербанк" АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының орынбасары. Қаржыландыру бағдарламасы қазақстандық өндірушілерге- экспорттаушыларға тауарларды өндіру үшін және экспорттау үшін тиімді шарттарда айналымдағы қаражат алуға, сонымен қатар экспорттық келісімшарттар бойынша төлемді кейінге қалдыруды сақтандыруға мүмкіндік береді. Қаржыландырудың максималды мөлшерлемесі 10,25%-ды құрайды. Экспорттаушылар аталмыш құралдарды қолдана отыра, айналымдағы капиталына ешқандай нұқсан келтірместен, өз сатып алушыларына төлем жүргізу уақытын кейінге шегеру мүмкіндігін бере алады. Бұл өткізу нарығын кеңейтуде және экспорт көлемін ұлғайтуда септігін тигізетін болады. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ қазақстандық экспорттаушыларды қолдау үшін өзінің "КазЭкспортГарант" еншілес ұйымының жарғылық капиталын 14 миллиард теңгеге дейін ұлғ