/ҚАЙТАЛАУ/ 06 қазанда Қазақстан қор биржасында "Бузгул Аурум" ЖШС KZP01Y05F308 (KZ2P00003627, BUZAb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

05.10.16 10:02
/KASE, 05.10.16, 28.09.16 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде KZP01Y05F308 (KZ2P00003627 KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, BUZAb1; 10 000 теңге, 15,0 млрд теңге, 5 жыл, тиянақталған жарты жылдық купон; жылдық 19,00 %, 30/360) "Бузгул Аурум" ЖШС (Алматы) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп хабарлайды. -------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZP01Y05F308 ISIN: KZ2P00003627 Торговый код KASE: BUZAb1 Номиналдық құны, теңге: 10 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 15 000,0 – орналасқан: – Айналыста болудың алғашқы күні: алғашқы аукционды өткізу күні Айналыста болудың соңғы күні: алғашқы аукционды өткізу қорытындысы бойынша анықталады Өтеудің басталу күні алғашқы аукционды өткізу қорытындысы бойынша анықталады Айналыста болу мерзімі: 5 жыл (1 800 күн) Купон мөлшерлемесі жылдық 19,00 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купонды төлеу күні: алғашқы аукционды өткізу қорытындысы бойынша анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------ ------------------------- Сауда-саттық күні: 06.10.16 Өтеуге дейінгі мерзім: 5,0 жыл (1 800 күн) Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 15 000,0 млн.теңге: Лот көлемі 1 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–15:00 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–15:30 Кесім уақыты: 16:00 Төлеу уақыты: 06.10.16 Төлем уақыты: 16:00 (Т+0) дейін Өтінімдерді кесімдеу тәсілі: бағасы кесімді бағаға тең немесе төмен өтінімдер кесімделеді Сауда-саттық жүргізуші бастамашысы: "БанкЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы Debts_List_ST1 Сауда-саттық жүйесі тобы Q_Gov_ST1 -------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялардың саны мен бір облигацияның "таза емес" бағасына көбейтіндісі (сыйақысын қосқандағы) теңгемен көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/ru/bonds/show/BUZAb1 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2016-10-05]