2016 жылдың 31 тамызында "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

01.08.16 11:00
/KASE, 01.08.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен, бұдан әрі – компания), 2016 жылдың 31 тамызында сағат 15:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы Қазақстан қор биржасына хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе: 1) компанияның 2015 жылға қаржылық есептілігін бекіту туралы; 2) компанияның 2015 жылға таза табысын бөлісу туралы; 3) 2015 жылдың қорытындысы бойынша дивиденді туралы; 4) Акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс- әрекетіне жүгінулері туралы мәселелерін қарастыру; Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Өскемен қ., Жаңа Согра, компанияның оқу комбинатының ғимараты, 307 аудитория. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14:00-ден басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2016 жылдың 08 тамызындағы жағдай бойынша құрастырылатын болады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2016 жылдың 01 қыркүйеігнде сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен аталмыш жиналыстың өтуіне он күн қалғанға дейін компанияның орналасқан жерінде танысуына болады. [2016-08-01]