IPO ШЕГІНДЕ "АҚТӨБЕ МЕТАЛЛҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫ" АҚ ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА ӨЗІНІҢ 71 577 ЖАЙ АКЦИЯСЫН KZ1C60260011 (KZ1C00001288, AKZM) БІР АКЦИЯҒА 11 177 ТЕҢГЕДЕН ЖАЛПЫ СОМАСЫ 800 МЛН ТЕҢГЕГЕ ОРНАЛАСТЫРДЫ

22.07.16 17:25
/KASE, 22.07.16/ – Бұрын хабарланғандай, 2016 жылдың 05 шілдесінен 18 шілдесіне дейін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жазылым жүргізу арқылы "Ақтөбе металлқұрастыру зауыты" АҚ KZ1C60260011 (KZ1C00001288, KASE ресми тізімі, екінші санат, AKZM) жай акцияларын (Ақтөбе) орналастырылда. Аталмыш акцияларға жазылым жүргізу кезінде сатушы ретінде, "Ақтөбе металлқұрастыру зауыты" АҚ қаржылық кеңесшісі, андеррайтері және орналастырылатын бағалы қағаздардың биржадағы маркет-мейкері болып табылатын, "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) шықты. Орналастыруға барлығы 71 577 акция ұсынылды. Орналастыру бағасы – бір акцияға 11 177 теңге болды. Жазылым нәтижелері бойынша есептесулерді жүзеге асыру датасы – 2016 жылдың 21 шілдесі. Өтінімдерді жинауды тоқтатқан сәтте KASE сауда-саттық жүйесіне 1 498 өтінім келіп түсті, олардың белсендісі деп 266 197 акцияны сатып алуға 1 483 өтінімі мойындалды. Бұл ретте белсенді өтінімдердің арасындағы жеке тұлғалардан келіп түскендердің саны 1 474 жетті. Бұл өтінімдер 1 408 жеке шоттан берілді. Төрт өтінім брокерлік компанияларды жеке меншік шоттарынан келіп түсті, ал бесеуі олардың клиенттері (заңды тұлғалар) атынан берілген (юридических лиц). Жазылым барысындағы жиынтық сұраным 2 975,3 млн теңгеге жетті және ұсынымнан 3,7 есеге артты. Брокерлік компаниялар тарапынан сұраным 71,4 млн теңге (ұсынымнан 8,9 %), заңды тұлғалар – 101,2 млн теңге (ұсынымнан 12,7 %) және жеке тұлғалардан – 2 802,7 млн теңге (ұсынымнан 350,3 %) болды. Орналастыруға KASE қор нарығының 13 мүшесі қатысты. Орналастыру қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың шоттарына барлығы сомасы 745 148 236 теңге (орналастыру көлемінегн 93,1 %), брокерлік компаниялардың шоттарына – 35 207 550 теңге сомасына (орналастыру көлемінен 4,4 %) бағалы қағаздар аударылды, заңды тұлғалардан келіп түскен қанаттандырылған өтінімдердің көлемі 19 660 343 теңгені (орналастыру көлемінен 2,5 %) құрады. "Орталық бағалы қағаздар депозитрийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес, осы ақпаратты жариялау сәтінде, аталмыш акциялар бойынша жасалған барлық мәмілелер бойынша есеп айырысу жүзеге асырылды, жазылым аяқталды. [2016-07-22]