KASE 2016 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМ-ШІЛДЕ АЙЛАРЫНА ӨТІМДІЛІГІ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ АКЦИЯЛАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

26.05.16 14:54
/KASE, 26.05.16/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына сәйкес, биржада айналысқа жіберілген акциялардың ішінен 2016 жылдың маусым-шілде айларына өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың тізімдерін қалыптастырды. Аталмыш тізімдерді Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2016 жылдың 24 наурызындағы шешімі негізінде бекітті және осы тізімдер, аталмыш тізімдерге кірген акцияларға "Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс регламенті" және "Маркет-мейкерлер қызметтерінің ережелері" атты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану үшін қалыптастырылды. Төменде өтімділігі бірінші класындағы акциялардың тізімі берілген, бұл тізім 2016 жылдың 01 маусымынан бастап 31 шілдесіне дейін қолданыста болады (бағалы қағаздардың атаулары олардың өтімділік көрсеткіштерінің кемуі тәртібімен берілген): 1) "Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" АҚ (Астана) KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KEGC) жай акциялары; 2) "КазТрансОйл" АҚ KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTO) жай акциялары; 3) "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ KZ1P51460114 (KZ000A0RMTC3, KASE ресми тізімі, үшінші санат, RDGZp) артықшылықты акциялары; 4) "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ KZ1C33870011 (KZ000A0LE0S4, KASE ресми тізімі, бірінші санат, HSBK) жай акциялары; 5) "Кселл" АҚ KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KCEL) жай акциялары; 6) KAZ Minerals PLC GB00B0HZPV38 (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_KZMS) жай акциялары; 7) "БАСТ" АҚ KZ1C59680013 (KZ1C00001015, KASE ресми тізімі, екінші санат, BAST) жай акциялары; 8) "Қазақтелеком" АҚ KZ1C12280018 (KZ0009093241, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTK) жай акциялары; 9) "Казкоммерцбанк" АҚ KZ1C00400016 (KZ000A0JC858, KASE ресми тізімі, бірінші санат, RDGZ) жай акциялары; 10) Bank of America Corporation US0605051046 (KASE ресми тізімі, екінші санат, US_BAC_) жай акциялары; 11) "L-CAPITAL" АҚ KZ1C59700019 (листингілік емес бағалы қағаздар, LCAP) жай акциялары; 12) "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ KZ1C51460018 (KZ000A0KEZQ2, KASE ресми тізімі, бірінші санат, RDGZ) жай акциялары; 13) "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ1C36280010 (KZ0007786572, KASE ресми тізімі, бірінші санат, CCBN) жай акциялары. 2016 жылдың сәуір – мамыр айларына қалыптасқан қолданыстағы өтімділігі бірінші кластарындағы акциялардың тізімімен салыстырғанда, 2016 жылдың маусым-мамыр айларына өтімділігі бірінші кластарындағы акциялардың тізіміне енген акциялары кірді: - "Казкоммерцбанк" АҚ KZ1P00400112 (KZ0005416453, KASE ресми тізімі, екінші санат, RDGZp) артықшылықты акциялары; - "Қазақтелеком"АҚ KZ1P12280114 (KZ0009094645, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KKGB) жай акциялары; Өтімділігі бірінші класындағы акциялардың сауда-саттығы биржада жұмыс күндері алматы уақытымен 11:30-дан 17:00-ге дейін үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен өткізіліп, егер болжамды мәміленің бағасы осы акциялармен жасалған соңғы мәміленің бағасынан 5 % ауытқыса, акцияларды сатып алу және сату өтінімдерінің бағалары дәл келген немесе қиылысқан жағдайда аялдау тәртібіне ауыстырылады (мұнда франкфурттық сауда-саттық әдісі қолданылады). Бірінші сыныпты маркет-мейкерлер үшін Маркет-мейкерлер туралы қағидаға сәйкес бағалы қағаздар бойынша міндетті баға белгілеулер мен спрэдтің максималды мәні арасында 4 % көлемінде белгіленген. Өтімділігі екінші және үшінші класындағы акциялардың сауда-саттығы биржада жұмыс күндері алматы уақытымен 15:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі. Бұларда үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен өткізіледі, бірақ болжамды мәміленің бағасы осы акциялармен жасалған соңғы мәміленің бағасынан бойынша 5 % ауытқыса, акцияларды сатып алу және сату өтінімдерінің бағалары дәл келген немесе қиылысқан жағдайда аялдау тәртібіне ауыстырылады. Өтімділігі екінші және үшінші класындағы акциялардың маркет-мейкерлері үшін бағалы қағаздар бойынша ең үздік міндетті баға белгілеулер арасындағы спрэдтердің ең жоғарғы мәні 5 % мөлшерінде бекітілді. 2016 жылдың маусым-мамыр айларындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың тізімідері KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/liquid_2016_june_july.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. 2016 жылдың сәуір-мамыр айларындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың тізімідері KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/liquid_2016_april_may.pdf жарияланады. Сауда-саттықтың және Растау жүйесінің жұмыс регламенті http://www.kase.kz/files/normative_base/reglament_trade_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Маркет-мейкерлер туралы қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/m_maker_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Бағалы қағаздардың өтімділіктерінің көрсеткіштерін анықтау әдістемесі http://www.kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2016-05-26]