12 сәуірден бастап KASE қайталама нарық секторында "Фридом Финанс" АҚ KZ2С0Y03F091 (KZ2C00003440, FFINb1) облигацияларының сауда-саттығы ашылады

11.04.16 12:15
/KASE, 11.04.2016/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2016 жылдың 15 қаңтарындағы шешімімен KASE қайталама нарық секторында "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) KZ2С0Y03F091 (KZ2C00003440, "өзге борыштық бағалы қағаздары" санаты, FFINb1, 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 22.01.16 – 22.01.19, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 11,50 %, 30/360) сауда-саттығы ашылады. Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесіндегі баға белгілеу дәлдігі, борыштың номиналды құнынан пайызбен көрсетілетін, облигациялардың "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін деп белгіленген. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2015 жылдың 22 қаңтарынан бастап "өзге борыштық бағалы қағаздары" санатына енгізілген. Аталмыш акциялар бойынша толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/bonds/show/FFINb1 мекен-жайында жарияланған. [2016-04-11]