KZ
13 мамыр 2025, 13:16
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.04.2016 22:40 #Қаржы құралдары

"Магнит" БАҚ (Ресей) RU000A0JKQU8 (RU_MGNT) қарапайым акциялары KASE ресми тізімінің екінші санатына енгізілді

/KASE, 07.04.16/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 04 сәуіріндегі шешімімен KASE ресми тізімінің екінші санаты бойынша "Магнит" БАҚ (Краснодар, Ресей) RU000A0JKQU8 (RU_MGNT) қарапайым акциялары енгізілді.

Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2016 жылдың 07 сәуірінен бастап, аталмыш акциялардың бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енді.

Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады.

"Магнит" БАҚ тіркеушісі "Бірлескен тіркеу компаниясы" АҚ (Москва, Ресей) болып табылады.

Аталмыш облигацияларға тиісінше RU_MGNT қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді.

"Магнит" БАҚ негізгі қызмет түрі жеке және жаппай сатылым болып табылады.

Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында толығырақ

мекен-жайында танысуға болады.

[2016-04-07]