"Газпром" БАҚ (Ресей) RU0007661625 (RU_GAZP) қарапайым акциялары KASE ресми тізімінің екінші санатына енгізілді

07.04.16 22:35
/KASE, 07.04.16/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 04 сәуіріндегі шешімімен KASE ресми тізімінің екінші санаты бойынша "Газпром" БАҚ (Москва, Ресей) RU0007661625 қарапайым акциялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2016 жылдың 07 сәуірінен бастап, аталмыш акциялардың бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Газпром" БАҚ тіркеушісі "Мамандандырылған тіркеуші – Газ өнеркәсібі акционерлерінің тібесін ұстаушысы" ЖАҚ (Москва, Ресей) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше RU_GAZP қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. "Газпром" БАҚ негізгі қызмет түрі газды, газ конденсаты мен мұнайды геологиялық барлау, өндіру, тасымалдау, сақтау, өңдеу және сату, сондай-ақ электр және жылу энергетикасын өндіру мен сату болып табылады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ru_sber мекен-жайында танысуға болады. [2016-04-07]