"Сбербанк" БАҚ RU0009029540 (RU_SBER) қарапайым акциялары KASE ресми тізімінің бірінші санатына енгізілді

07.04.16 22:32
/KASE, 07.04.16/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 04 сәуіріндегі шешімімен KASE ресми тізімінің бірінші санаты бойынша "Сбербанк России" БАҚ (Москва, Ресей) БАҚ RU0009029540 қарапайым акциялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2016 жылдың 07 сәуірінен бастап, аталмыш акциялардың бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Сбербанк России" БАҚ тіркеушісі "Статус" Тіркеу қоғамы" АҚ (Москва, Ресей) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше RU_SBER қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ru_sber мекен-жайында танысуға болады. [2016-04-07]