KASE мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
/KASE, 16.03.2016/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Директорлар кеңесі 2016 жылдың 05 наурызында, KASE мүддесі бар және Биржамен ерекше қарым-қатынастармен байланысы бар тұлғамен мәміле болып табылатын, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ тарифтерді төлеуді мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 72 қаулысымен бекітілген, Қаржылық есеп беру депозитарийдің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік уақиғалар, қаржылық есеп берушілікті және аудиторлық есептерді, қаржылық есептілік депозитарийі интернет-ресурсында орналастыру Ережесіне сәйкес, келесі ақпараттарды ұсынамыз:
- Акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні: 2016 жылдың 05 наурызы (Биржалық кеңестің шешімі; 2016 жылдың 05 наурызындағы №7 отырыс хаттамасы).
- Мәміленің заты болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды.
- Мәміленің заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды.
- Мәміленің заты болып табылатын мүлік құнының жалпы активтерге қатысты пайыздық қатынасы: қолданылмайды.
- Мәміленің негізгі елеулі шарттары:
- қызмет – биржаның бағалы қағаздарына CFI кодын ұсыну;
- CFI кодын ұсыну үшін тариф сомасы – 10 605 теңге.
- Мәміле жасасу күні: 2016 жылдың 11 наурызы.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының 64 бабының 1 тармағына сәйкес Биржаға қатысты үлестес тұлға болып табылады.
[2016-03-16]