KASE БИРЖАЛЫҚ НАРЫҚТЫ ДАМУТЫУҒА ҚОСАҚАН ҮЛЕСТЕРІ ҮШІН БИРЖА МҮШЕЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

04.03.16 17:39
/KASE, 04.03.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) 2016 жылдың 04 наурызында қор нарығына қатысушылар – KASE мүшелерін салтанатты түрде марапаттау рәсімін өткізді деп хабарлайды. 2015 жылдың қортындысы бойынша KASE Басқармасы Биржаның бірқатар мүшелерін Қазақстанның қор нарығын дамытуға қосқан үлестері үшін марапаттау туралы шешім қабылдады. Акциялардың биржалық нарықта дамуына үлес қосқаны үшін "Фридом финанс" АҚ "Алтын" дипломмен: - Басқа брокерлерден белсенділік көрсеткіші бойынша жылдық озық аяқтаған, акциялар нарығындағы ең үздік қатысушы; - 2015 жылғы KASE өтімді бағалы қағаздары — "KEGOC" АҚ жай акцияларының маркет-мейкері; - IPO жүргізу кезінде эмитент және оның инвесторларымен қаржылық тәуекелді бөлісуші және аталмыш эмитенттің жай акциялар өтімділігін KASE Индексінің өкілеттік тізімі деңгейіне дейін көтерген, қаржылық кеңесші, андеррайтер және белсенді маркет-мейкер "БАСТ" АҚ; - Банк ВТБ ААҚ (Ресей) БО-22 сериялы бағалы биржалық облигацияларды және өзінің валюталық және баға тәуекелдерін инвесторларға әртараптандыруға мүмкіндік беретін бағалы қағаздар – State Street Global Advisors басқаруымен SPDR S&P 500 ETF TRUST паи қағаздарын оңтайландырылған рәсім бойынша KASE шығарудың бастамашысы. Аймақтарда инвесторлар тартып, "KEGOC" АҚ жай акцияларының өтімділігін қамтамасыз еткені үшін "Казпочта" АҚ "күміс" диплом берілді. Корпоративтік облигациялардың биржалық нарығын дамытуға қосқан үлесі үшін "Сентрас Секьюритиз" АҚ "алтын" диплом берілді: - Осы сектордағы ең белсенді брокер ретінде; - Қазақстан қор биржасына инвестициялық қорлардың паи қағаздарын шығарушы бастамашы ретінде; - Қор нарығы туралы халықты хабардар етуді арттыруда белсенді қатысушы. Дипломдарды тапсыру Биржаның KASE мүшелерімен KASE сауда-саттық алаңын іске қосу, биржа ұсынған қызметтерді жетілдіру, сондай-ақ қор нарығын жалпы дамыту перспективасы мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылған жұмысшы кездесу аясында өткізілді. Анықтама үшін: Белсенділік көрсеткіші (Ка) KASE интернет-сайтында (http://www.kase.kz/files/normative_base/members_activity.pdf) жарияланған "Қазақстан қор биржасы" АҚ Мүшелерінің белсенділік көрсеткішін есептеу әдістемесіне сәйкес есептеледі. Көрсеткіш KASE қандай да бір мүшесінің басқа мүшесіне қарағанда берілген кезеңдегі белсенділігін математикалық бағалауға мүмкіндік береді және биржалық нарықтың жекелеген секторында өз мүшелерінің белсенділік рэнкингін құрайтын өлшемі болып табылады. Рэнкингитер сондай-ақ KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/membership/ranking жарияланды. [2016-03-04]