"БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ өзінің KZP03Y10B642 (KZ2C00000867, BTAIb9) облигацияларын өтегені туралы хабарлады
24.02.16 10:10
/KASE, 24.02.16/ - "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека"
АҚ (Алматы) 2016 жылдың 23 ақпанында өзінің KZP03Y10B642 (KZ2C00000867, BTAIb9)
облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша
соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE)
хабарлады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы
сомасы 3545540400 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың
жиынтық номиналды құнының) сомасы – 3476020000 теңгені, купондық сыйақысы –
69520400 теңгені құрады.
[2016-02-24]