"Investment Astana Group" АҚ KZP03Y10B642 (KZ2C00000867, BTAIb9) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
22.02.16 10:45
/KASE, 22.02.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2016 жылдың
08 ақпанынан бастап "Investment Astana Group" АҚ (Алматы)
KZP03Y10B642 (KZ2C00000867, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы
сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты, BTAIb9; 100
тенге, 4,0 млрд тенге; 21.02.06 – 21.02.16; жарты жылдық купон, жылдық
4,00 %; 30/360) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE
ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды.
Аталмыш облигациялар 2006 жылдың 21 ақпанынан бастап KASE ресми
тізімінің "А" санатына, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап "рейтингілік
бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына, 2015 жылдың
01 қаңтарынан бастап "өзге борыштық бағалы қағаздар" санатына
ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2006 жылдың 24 ақпанында
ашылған.
Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың
таза бағасы облигацияның номиналдық құнынан (ашық сауда-саттық
әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 6,7967 және 109,9898 %
аралығында құбылды.
[2016-02-22]