/KASE, 12.02.2016/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа)
акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2016 жылдың
11 ақпанындағы шешімімен "Қазақстанның халық жинақ банкі" АҚ Басқарма
Төрағасының орынбасары Ертай Исмайылұлы Сәлімов KASE Директорлар
кеңесінің мүшесі – KASE тәуелсіз директоры болып сайланды.
Биржаның жаңа тәуелсіз директорының кезектен тыс сайлауы
Ж.Б.Құрмановтың KASE Директорлар кеңесінің мүшесі – KASE тәуелсіз
директоры ретінде өкілеттігі басқа жұмысқа ауысуына байланысты
мерзімінен бұрын тоқтатылғандықтан өткізілді.
KASE Директорлар кеңесінің жаңартылған құрамы
http://www.kase.kz/ru/kase_management KASE интернет-сайтында
жарияланды.
[2016-02-12]