KZ
9 мамыр 2025, 17:45
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.01.2016 09:47 #Корпоративтік уақиғалар

KASE биржамен айрықша қарым-қатынастармен байланысты, тұлғамен жасасқан мәміленің шарттары өзгергені туралы хабарлайды

/KASE, 28.01.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесі 12 қарашада (Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 26 қаңтарындағы шешімі, № 4 отырыс хаттамасы) "Qazaq Banki" акционерлік қоғамымен банктік салым туралы келісім-шартты, сондай-ақ оған енгізілген өзгертулерді, атап айтқанда, 2015 жылдың 18 қарашасындағы "ALL EXCLUSIVE" банктік салымы туралы келісім-шарттың, салым бойынша сыйақы мөлшерлемесінің, биржамен айрықша қарым-қатынастармен байланысты тұлғамен мәміле ретінде, 2016 жылдың 25 қаңтарынан 25 ақпанына дейінгі кезеңде жылдық 13,00 %-дан 19,00 %-ға дейін көбеюі бөлігінде мақұлдады

Аталмыш өзгертуді ескере отырып келесі ақпаратты ұсынамыз:

1. Акционерлік қоғамның мәміле жасасу жөнінде шешім қабылдаған күні: 2016 жылдың 26 қаңтары (Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 26 қаңтарындағы шешімі, № 4 отырыс хаттамасы).

2. Мәміле заты болып табылатын мүліктің құны: 500 000 000 теңге.

3. Мәміленің заты болып табылатын мүлікті соңғы бағалауының датасы: қолданылмайды.

4. Мәміленің заты болып табылатын мүліктің активтердің жалпы құнына шаққандағы пайыздық қатынасы: 5,97 %.

5. Мәміленің негізгі елеулі шарттары:

- банктік салым мерзімі – 12 ай;

- банктік салымның сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 19,00 %;

- банктік салым бойынша сыйақыны есептеу және төлеу шарттары – ай сайын есептеу жасалады, төлеу банктік салым келісім-шартының қолданыста болу мерзімі аяқталғанда жүзеге асырылады.

6. Мәміле жасалған күні: 2016 жылдың 26 қаңтары.

"Qazaq Banki" АҚ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы" заңының 40 бабының 3 тармағына сәйкес Қазақстан қор биржасымен айрықша қарым-қатынастармен байланысты тұлға болып табылады.

[2016-01-28]