"Фридом Финанс" АҚ KZ2С0Y03F091 (KZ2C00003440, FFINb1) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де бағалы қағаздар" санатына 22 қаңтардан бастап енгізілді

22.01.16 15:13
/KASE, 22.01.16/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 19 қаңтарындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) KZ2С0Y03F091 (KZ2C00003440; 1 000 тенге, 3,0 млрд тенге; 22.01.16 – 22.01.19, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 12,0 %, 30/360) облигациялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2016 жылдың 22 қаңтарынан бастап, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілдері "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше FFINb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ffinb1 мекен- жайында танысуға болады. [2016-01-22]