KZ
11 мамыр 2025, 07:28
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.01.2016 15:13 #Қаржы құралдары

"Фридом Финанс" АҚ KZ2С0Y03F091 (KZ2C00003440, FFINb1) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де бағалы қағаздар" санатына 22 қаңтардан бастап енгізілді

/KASE, 22.01.16/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 19 қаңтарындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) KZ2С0Y03F091 (KZ2C00003440; 1 000 тенге, 3,0 млрд тенге; 22.01.16 – 22.01.19, тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 12,0 %, 30/360) облигациялары енгізілді.

Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2016 жылдың 22 қаңтарынан бастап, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енді.

Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады.

Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілдері "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) болып табылады.

Аталмыш облигацияларға тиісінше FFINb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді.

Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында толығырақ мекен- жайында танысуға болады.

[2016-01-22]