"Фридом Финанс" АҚ KZ2С0Y03F091 (KZ2C00003440, FFINb1) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша өтті
/KASE, 20.01.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2015 жылдың 19 қаңтарындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша "Қазақстан коммуналдық жүйелері" АҚ (Астана) KZ2С0Y03F091 (KZ2C00003440; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 3 жыл; тиянақталған жарты жылдық купон, жылдық 11,50 %, 30/360) облигациялары енгізілді.
Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады.
Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады.
Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілі "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталмыш облигацияларға тиісінше FFINb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді.
Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады.
[2016-01-21]